365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда заңсыз сауда орындары сүріліп жатыр

  • 211
  • UPD: 07:20, 17.08.2018
Түркістанда заңсыз сауда орындары сүріліп жатыр

Түркістан қаласындағы орталық базар маңында орналасқан мыңнан аса заңсыз сауда орындары сүрілді.

Ол жердегі саудагерлер қала сыртындағы жаңа нысанға көшіріліп жатыр. Заңсыз сауда нүктелері базар ішіндегі жолды жауып, көлік түгілі жаяу адамның өзі әрең жүретін жағдайға жеткен еді. Санитарлық талаптар да сақталмаған. «Алда-жалда от тұтанып, төтенше жағдай бола қалса, өрт сөндіру көлігі кіре алмайтын», – дейді қала тұрғындары. Сондықтан шаһар басшылығы саудагерлерді қала сыртына көшіріп, жаңа базардан орын ұсынуда 2 мыңнан аса орын бөлініп, барлық талаптарға сай жабдықталған. Жеміс-жидек пен көкөніске – 500, киім-кешекке 1500 орын қарастырылған. Жаңа орынға жайғасқан сатушылар да дән риза.

Жанар Байтокова, саудагер:

- «Қуаныш» базары жақсы еді, бірақ құмырысқаның илеуіндей болып кетті. Халықтың жағдайына сай келмейді. Енді осы жаңа базарға орналасып жатырмыз. Бүгіннен бастап жұмыс істеп жатырмыз. Базарымыз жайлы, жақсы, өзімізге ұнап жатыр.

Осы категория бойынша: « Оралдағы үйлерге ыстық су беріле бастады Суы шипалы Шалқардың қадірі болмай тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы