364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО әкімі Мемлекет басшысына өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жөнінде есеп берді

  • 304
  • UPD: 17:53, 17.08.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Елбасы аялдаған алғашқы нысан Ильичевка ауылындағы Тайынша май зауыты. Аграрлы аймақ соңғы жылдары дәнді дақылдардан бөлек майлы дақылдар өсіруге де ден қойып отыр. Өндіріс орны майлы дақылдарды өңдеп, экологиялық өнім экспорттайды. Зауыт өзіне қажетті шикізатты жергілікті шаруалардан сатып алады. Кәсіпорын осы жылы 100-150 мың тонна шикізат өңдеуді жоспарлап отыр. Елбасыға зауыттағы өңдеу цехы таныстырылды.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Елбасыға өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жөнінде есеп берді. Өңірдегі өсім еселеніп келеді. Соңғы 6 айда облысқа 75 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Президент оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған тұрғындармен жүздесті. Адамның кәсібі – өмірлік нәсібі. Нұрсұлтан Назарбаев Тайынша ауданы Ильчевка ауылында салынған жаңа үйлерді аралап көрді. Осы жылы Ильичевка ауылына оңтүстіктен 14 отбасы көшіп келген. Елімізде жұмыс күші тапшы өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз ету үшін қолға алынғаны белгілі. Қоныс аударушыларға әлеуметтік көмек беріледі. Солардың бірі – Әубәкір Ахметов. Қазір Тайынша май зауытында электрик. Ал жарының мамандығы – мейірбике. Жас отбасы Шымкенттен көшіп келген.

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын әртараптандыруға ерекше мән беріліп отыр. Бидайдан бөлек 1 млн гектарға майлы дақылдар егілген. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың егін орағы алдында теріскейдегі облыстарды аралап шығуы әдетке айналған. Қазір теңіздей тербелген сары далада комбайндар жүйткіп жүр. Бұл бітік шыққан егінге орақ түсті деген сөз. Президент жергілікті шаруа қожалықтарының иелері және диқандармен жүздесті. Биыл 20 тонна астық жинау көзделіп отыр. Осы ретте елбасы талмай еңбек етіп жүрген механизаторларға алғысын жеткізді.

Осы категория бойынша: « Ертіс өңірінде бірегей діни жәдігерлер көрмесі ашылды Алматыда шекарашыларға арналған жаңа оқу полигоны ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы