370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік мемқызметкерлер үстеме жұмыс атқаратындарына шағымданды

  • 179
  • UPD: 19:04, 17.08.2018

Ақтөбе облысында 4 мың мемлекеттік қызметкер жасырын сауалнама сұрақтарына жауап берген.

Нәтижесінде 12%-ы шамадан тыс, үстеме жұмыс атқаратындарын айтқан. Мысалы кіріс департаментінің қызметкерлері үйлеріне уақытында қайтпайды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мамандарының айтуынша, оның себебі, өңірде мемлекеттік қызметкерлердің жетіспеуінде. Бүгінде әр салада 200 маманның орны бос тұр. Сондықтан бір маман екі адамның қызметін қоса атқаратын кездер де болады. Сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 35%-ы «құқығымыз жоғары деңгейде қорғалады» десе, 51%-ы «орташа» деп көрсеткен. Ал 14%-ы құқығының жиі тапталатынын айтыпты. Одан бөлек, 3%-ының басшыларына көңілі толмайды. Осындай сауалнама жыл басынан бері екі рет жүргізілген.

Расул Медетов, ҚР МҚІСЖҚ іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы:

- Өзінің жұмысынан тыс жұмыс атқаратын қызметшілердің пайызы 36%-ды құраған болса, ал кейіннен мамыр айында өткізілген сауалнама нәтижесінде ол көрсеткіш 12%-ға дейін түсті. Ең негізгі мақсат – осы жалпы өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын, олардың бостандығын, әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғау. Соңғы сауалнама нәтижесінде 94% мемлекеттік қызметшілер өздеріне төленіп жатқан жалақының, үстеменің, премияның, іс сапар төлемдерінің уақытылы төленетініне қанағаттанатындарын айтты. 94% жоғары көрсеткіш деп білемін.

Осы категория бойынша: « ҚР Бас прокуратурасы: Әблязов қасақана өлтіруді ұйымдастырғаны үшін күдікті Алдағы демалыста еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы