364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы демалыста еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

  • 184
  • UPD: 19:09, 17.08.2018
Алдағы демалыста еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады md-eksperiment.org

Алдағы демалыста еліміздің басым бөлігінде өткінші жағбыр жауып, желдің екпіні күшейеді.

Бірақ ол сынап бағанасына айтарлықтай әсер етпейді. Мәселен солүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 13 градусқа дейін төмендесе, күндіз 35 градусқа дейін жылы болады. Ал оңтүістікте 36 градус ыстық болады деп күтіліп отыр. Синоптиктердің айтуынша, Түркіменстаннан келген циклон осылай әсер етпек. Ал батыс аймақтарда антициклонның ықпалынан түнде температура 7 градуысқа дейін төмендеуі мүмкін.

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

Астана қаласында 18 тамыз жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады. Ал тамыздың 19-ы күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады және найзағай кезінде екпінді жел соғады. Алматы қаласында алдағы 3 тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Ауа температурасы түнгі сағаттарда 19-22, ал күндіз 31-34 градус жылы болады.

Осы категория бойынша: « Ақтөбелік мемқызметкерлер үстеме жұмыс атқаратындарына шағымданды «Алакөл-2018» кәсіподақтардың жазғы лагері жұмысын бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы