369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Алакөл-2018» кәсіподақтардың жазғы лагері жұмысын бастады

  • 225
  • UPD: 19:23, 17.08.2018
«Алакөл-2018» кәсіподақтардың жазғы лагері жұмысын бастады

Алакөлдің Шығыс Қазақстан облысы жағалауында кәсіподақтардың жазғы лагері жұмысын бастады.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі саладағы кәсіподақ қозғалысының белсенділері келген. Мақсат – жаһандану мен цифрлық технологиялар дәуірінде еңбек құқығын қорғау мен адам капиталын жақсартудың тың жолдарын іздестіру. Осы мақсатта өткізіліп жатқан жиында түйткілді мәселелерді талқылап қана қоймай, құқықтық білімді жетілдіру бағытында семинар-тренингтер ұйымдастырылды. 2 күнге созылатын лагерь жұмысы Алакөл декларациясымен қорытындыланады.

Айта кеткен жөн, бүгінде Кәсіподақтар федерациясына 21 салалық ұйым мен 2 миллионнан астам адам мүше.

Ерлан Сайыров, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

- Бұл жердегі ең негізгі мәселе – осы кәсіподақтардың ынтымақтастығын арттыру. Екіншіден, кәсіподақтардың ғылыми, сонымен бірге теориялық деңгейін көтеру. Үшіншіден, елімізде жан-жақта рухани туризмді дамыту процесі жүріп жатыр. Бұл да жанамалы түрде осы Барқытбелге, Алакөл аймағына рухани туризмді дамытудың тағы бір бағыты болып табылады.

Осы категория бойынша: « Алдағы демалыста еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері ресми түрде өңір орталығына көшті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы