365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысындағы шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы беріледі

  • 195
  • UPD: 10:27, 18.08.2018
Түркістан облысындағы шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы беріледі

Спорттық туризмді ту еткендер Астана қаласының жиырма жылдығына орай жиырма шыңды бағындырмақ.

Бұл шара Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында бір күнде бастау алады. Кәсіби альпинизммен шұғылданушылар, блогерлер мен спортшылар үш топқа бөлінген. Олар бір айдың ішінде жиырма шыңның басына ту тігеді. Сонымен қатар Түркістан облысындағы жаңа шыңдардың біріне «Астананың 20 жылдығы» атауы берілмек. Шара барысында бұқаралық спортты дамыту үшін шыңдарды бағындыру бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Арман Хасенов, ҚР спорттық туризм қауымдастығының президенті:

- Сонымен қатар біз Түркістан облысында жалпы халықтық альпиниада өткіземіз. Біріншісі 30 тамыз күні болады. 15 қыркүйекте жаңа шыңды бағындырып, «Астананың 20 жылдығы» атын береміз. Осы жерден шара аяқталады.

Осы категория бойынша: « Өзбекстан еліміздегі электронды қызмет түрлеріне қызығушылық таныттты Елімізде электронды еңбек шарттарын жинақтаушы жүйе енгізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы