Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде электронды еңбек шарттарын жинақтаушы жүйе енгізіледі

  • 250
  • UPD: 10:49, 18.08.2018
Елімізде электронды еңбек шарттарын жинақтаушы жүйе енгізіледі

Елімізде электронды еңбек шарттары жинақталатын жүйе енгізіледі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев хабарлады. Оның айтуынша, енді қызметке орналасатын адамдар бұрынғыдай құжат жинамайды. Тек электронды қолтаңбаның болғаны жеткілікті. Жұмыс беруші барлық қажетті ақпаратты жүйеге кіріп, өзі қарай алады. Жоба әзірлеушілерінің айтуынша, мұндай жаңашылдық жалған құжат айналымы мен қағазбастылықты едәуір азайтады.

Нариман Мұқышев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Осы проектінің негізгі мақсаты -  халыққа көрсетілетін қызметтер саласын арттыру. Және азаматтарды жұмысқа орналастырудың қолайлы болуы. Біріншіден, электронды еңбек шарттарын енгізу жұмыскерлер үшін жұмысқа орналасу процесін жеңілдетеді. Жеке іс автоматты түрде жасалынады. Қағаздарды жинаудың қажеті болмай қалады.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысындағы шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы беріледі Оралда жолдарды жөндеуге 7,5 млрд теңге бөлінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы