365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жолдарды жөндеуге 7,5 млрд теңге бөлінді

  • 208
  • UPD: 11:35, 18.08.2018

Оралда биыл 50-ге жуық көшенің жолдары жөнделеді. Бұл мақсатқа 7 жарым млрд теңге көлемінде қаржы бағытталды.

Қазір жоспарланған жұмыс 75 пайызға орындалған. Яғни 35 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Мәншүк Мәметова көшесіндегі күре жолдың да тақтайдай тегіс күйге енетін күні алыс емес. Айта кетерлігі құны 581 миллион теңге болатын бұл жоба жергілікті инвесторлар қаржысы есебінен жүзеге асады. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталды. Мердігерлер нысанды қарашада тапсыруды көздеп отыр. Сонымен бірге Құрманғазы мен Петровский көшелеріне дейінгі аралықта да жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

Қайрат Мұхамбетқалиев,  қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда 20 шақты көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте қоғамдық көліктер жүретін қаланың орталық бөлігі мен магистральді жолдарды қамтуға маңыз беріледі. Биыл тағы 6 көшені жөндеу мақсатында тендер өткізілді, бұл жұмыстар келер жылы аяқталады. Сонымен қатар «Депо» көпірінің құрылысы жуырда аяқталады. Аталған нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Осы категория бойынша: « Елімізде электронды еңбек шарттарын жинақтаушы жүйе енгізіледі CҚО-ның Шал ақын ауданында 90-жылдардан бері алғаш рет көп қабатты үй салынып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы