367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда кәсіпкерлерге арналған жобалық кеңсе ашылды

  • 156
  • UPD: 17:35, 18.08.2018
Қостанайда кәсіпкерлерге арналған жобалық кеңсе ашылды

Елбасының өңірлердегі инвестициялық ахуалды жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес, Қостанайда бизнес өкілдеріне арналған жаңа жобалық кеңсе жұмысын бастады.

Кәсіпкерлерді қолдауға арналған бұл орталық аталған саладағы кедергілер мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мәселелерімен айналысады және көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Онда жергілікті атқарушы билік өкілдері, кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері кәсіпкерлерге кеңес береді. Бұл жаңа құрылым жыл соңына дейін Қостанай өңірінде жалпы құны 37 миллиард теңгенің 18 жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Сол арқылы мыңдаған жұмыс орны ашылады.

Салауат Мүксімов, ҚР МҚІжСЖҚ іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы:

- Әр кәсіпкер осы кеңсеге жүгіне отырып, өзінің барлық кәсіпкерлік бастамаларын, егер де әкімшілік кедергілер болса, заңсыз іс-әрекеттер болатын болса, кеңсе арқылы соны шешуге құқылы. Сондай мүмкіндік ашылып отыр. Қазірдің өзінде бірнеше кәсіпкердің біз осы кеңсе арқылы құқығын қорғап, олардың кәсіпкерлік мүдделерін іске асырып отырмыз.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында дауыл туралы ескерту жарияланды Жетісудағы Қызылағаш су қоймасы таспен өріліп, бетонмен қапталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы