374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада құжатсыз сатылып жатқан ұялы телефондар тексерілуде

  • 171
  • UPD: 22:02, 18.08.2018

Астаналық тәртіп сақшылары ұялы телефон сататын орталықтарды тексеріп жатыр.

«Сатып алу» жедел-профилактикалық шарасы ұрлықтың алдын алуға бағытталған.

Саудасын қыздырған сатушылар кенеттен келген тәртіп сақшыларын күтпегені анық. Полиция өкілдері алдымен ұялы телефондардың құжаттарын сұрайды. Бірақ әрбір сауда нүктесінде еш құжаты жоқ бірнеше телефон табылып жатыр.

Енді тәртіп сақшылары арнайы қосымшаға телефонның IMEI кодын енгізіп, оның ұрланған заттар базасында бар-жоғын анықтайды.

«Сатып алу» жедел-алдын алу шарасы заңсыз әрекет ететін сауда нүктелерін анықтап, жауапкершілікке тартуды көздейді. Осы шара барысында сатушыларға түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.

Сәуле Қалиева, қалалық ІІД баспасөз қызметкері:

- Ұялы телефонға қатысты мәлімет IMEI коды арқылы анықталады. Жаңа ғана біздің қызметкерлер 2016 жылы көліктен ұрланған ұялы телефонды тапты. Енді бұл телефон өз иесіне қайтарылады. Кез келген затты сатпас бұрын құжаттарын реттеу керек. Себебі құжаты жоқ телефон күдік тудыратыны анық.

Полиция алдағы уақытта автокөлік бөлшектері және велосипед сататын орталықтарды тексермек. Өйткені бұл салаларда да заңсыздықтар жетіп артылатыны белгілі.

Авторлары: А.А., Жандос Битабаров

Осы категория бойынша: « Атырауда 24 жоба жүзеге асырылады Қызылордалықтар үшін энергетикалық сусынның орнын қымыз-қымыран басуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы