368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматының мемқызметкерлері электрондық қызметті пайдалануды үйренді

  • 150
  • UPD: 10:39, 19.08.2018

Алматының мемлекеттік қызметкерлері жұмыс орнынан шықпай-ақ мемлекеттік қызметті пайдалануды үйренді.

Мониторинг нәтижесі олардың қарапайым мекенжай туралы анықтама алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына баратынын көрсеткен. Қалалық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент ұйымдастырған оқыту семинарына коммуналдық қызмет өкілдері мен мұғалімдер де қатысты. Биыл жаңа электронды қызмет түрі іске қосылды. Оның көмегімен барлық қажетті құжаттарды үшінші тұлға ала алады.

Шынарай Әлімхан, қалалық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент директорының орынбасары:

- Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті анықтама алу үшін көптеген ата-аналар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді. Әуре-сарсаңға түсетін жағдайлар кездеседі. Сондықтан біз бүгін мұндай анықтамаларды үйде отырып-ақ алуға болатынын көрсеттік. 2022 жылға қарай электронды қызмет көрсету деңгейін 80%-ға жеткізуіміз керек.

Осы категория бойынша: « Павлодарда еліміздің шекара қызметінің 20 жылдығы аталып өтті Астанада атылып өлген кафе иесінің қызы оқиғаның мән-жайын айтып берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы