365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер ішкі туризмді дамытуға ден қойды

  • 171
  • UPD: 13:59, 19.08.2018

Солтүстікқазақстандық қалталы азаматтар ішкі туризмді дамытуға ынта қойды.

Мәселен өңірдегі Шал ақын ауданына қарасты Сергеев су қоймасы маңында жаңа демалыс орнының құрылысы қарқын алды. Себебі өңірдің нулы да сулы жерлерін тамашалауға келіп жатқан қонақтардың саны артқан.

Есіл өзенінің бойындағы туристік базаның құрылысы өткен жылы басталды. Жұмыстар аяқталмаса да, демалыс орнына келушілердің қатары артқан. Алыс-жақын шет елдерден келген 500-ден астам азамат Есіл өзеніне шомылып, ауданның тұмса табиғатын тамашалап үлгеріпті.

Бахыт Базарбаев, Сергеевка қаласының тұрғыны:

- Бұрын Шалқар, Бурабайға баратын едік. Оның үстіне жол алыс. Енді, міне, өзіміздің ауданда туризм дамып жатыр. Отбасымызбен, достарымызбен келіп демалуға болады. Өзенннің суы керемет. Саф ауасы тағы бар. Сондықтан ертең бұл жер үлкен бір демалыс кешеніне айналады деген сеніміміз мол.

Әзірге демалушылар үшін балықшылар үйі салынып, монша және екі коттедж бой көтерді. Туристік орын қазіргі таңда 200 адамды қабылдай алады. Болашақта оны 500-ге дейін арттыру көзделіп отыр. Жоба құны – 300 миллион теңге.

Самат Қайырденұлы:

Сергеев су қоймасы маңында орналасқан бұл жағажайды жергілікті тұрғындар «Солтүстік теңізі» деп атап кеткен. Өйткені мұнда Есіл өзенінің шеті көрінбейді. Алдағы уақытта қысты күні демаламын деушілерге мұнда барлық жағдай жасалмақшы. «Себебі жазы қысқа аймақта, әсіресе, қысқы туризмді дамытқан әлдеқайда тиімді»,- дейді жергілікті мамандар.

Демалыс орнын жергілікті кәсіпкер Жасұлан Сәдуақасов жеке қаражатына тұрғызуда. Енді қыста хоккей кордын орнатып, коньки мен шаңғы тебуге жағдай жасамақ.

Жасұлан Сәдуақасов, кәсіпкер:

- Енді бұл Сергеев су қоймасының жағалауында орналасқаннан кейін бұл жерде қыста да, жазда да туризмді дамытуға барлық жағдай жасалған. Мысалы қыстыгүні шаңғы тебуге, мұз айдындарын жасап, коньки тебуге сондай жағдайлар көп жасалған. Сол табиғат өзі аққайыңдардың өлкесі. Соның барлығын ескере отырып, неге өзімізге жасамасқа деген сондай ой келді.

Айта кеткен жөн, биыл өңірде туризм саласында 1,3 млрд теңгенің 13 инвестицилық жобасы жүзеге асуда. Үстіміздегі жылдың тек алғашқы тоқсанында өңірге 22 мыңнан астам турист келген екен. Оның 20 пайыздан астамы шетелдік қонақтар.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Осы категория бойынша: « Астанада атылып өлген кафе иесінің қызы оқиғаның мән-жайын айтып берді Степногорск қаласы көркейіп келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы