371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда «7-20-25» аясында жаңа шағын аудан бой көтереді

  • 237
  • UPD: 07:56, 20.08.2018

Қаланың солтүстік-шығыс аумағындағы орналасатын ықшамауданда келешекте 27 көпқабатты үй салынады.

Бүгінде 7 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаты дайын. Барлық инфрақұрылымы тартылған, 2 үйдің іргетасын құю жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Болашақта бұл жерде спорт кешені мен мектеп, балабақша және аурухана сияқты әлеуметтік нысандар да салынады. Облыста тұрғын үйге сұраныс артып келеді. Мәселен, қазір қалада қол жетімді баспанаға 19 мың, ал облыс бойынша 22 мың адам кезекте тұр. Тұрғын үй мәселесін шешуге мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясындағы бағдарлама да оң ықпал етіп отыр. Соңғы 7 айда аймақта бюджет есебінен 251 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерген. Қазір құрылысы жүріп жатқан 27 көпқабатты үйдегі пәтерлер келешекте «7-20-25» арқылы берілетін болады. Жыл соңына дейін өңірде 3 жарым мың тұрғын баспанамен қамтылмақ.   

Александр Стасюкевич, учаске басшысы:

- 104 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы биыл шілде айында басталды. Қазір іргетасына темір-бетон төсеп жатырмыз. Қаңқасы монолиттен құйылады. Келер жылы пайдалануға беріледі. Бұл құрылыс нысанынан 55 жергілікті тұрғын екі қолға бір күрек тапты.   

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Елбасымен қабылданған 5 әлеуметтік бастаманың ішіндегі бірінші бағыты «7-20-25» бойынша үйлер салынып жатыр. Ал қаланың батыс жағындағы «Ақжайық» шағынауданына біз инженерлік желілерді «Нұрлы жол» бағдарламасымен өткізудеміз. Ол жерде 450 гектар, бұл жерде 110 гектар. Сонда біздің қаламыз тағы да 70 мың халыққа осындай тұрғын үйді дайындап жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында 23 инвестициялық жоба іске асырылады Қызылордада жылу маусымы 15 қазанда басталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы