364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысының тұрғыны қарасора өсірген

  • 206
  • UPD: 13:27, 20.08.2018
Ақтөбе облысының тұрғыны қарасора өсірген Kerek-info.kz

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны қарасора өсірумен айналысқан.

Облыстық Ішкі істер департаменті мен Ұлттық гвардияның әскери бөлімінің жасағы бірігіп «Көкнәр-2018» жедел профилактикалық шарасын өткізді. Шара кезінде Шалқар қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан қыстаулардың бірінен қарасора алқабы табылған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 34 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Ол қарасораны өсіріп, кейін облыс аумағына таратпақ болған. Қыстауда 1356 түп қарасора мен 200 литр тыңайтқыш заты болған. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды. Жыл басынан бері өңірде есірткі заттарын заңсыз өсірудің 12 дерегі анықталған.

Дайындаған: А.Байменшина

Осы категория бойынша: « Қазақстанның Әскери-теңіз күштері өздерінің 25 жылдықтарын атап өтті Сыр өңірінде үш аудан орталығы газдандырылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы