374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мәжілісмендер iKomek орталығына барды

  • 152
  • UPD: 13:38, 20.08.2018
Астанада мәжілісмендер iKomek орталығына барды

Мәжіліс депутаттары iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмыс барысымен танысты.

Мұндағы қызметкерлер тәулік бойы елорданың тыныс-тіршілігін бейнебақылау камералары арқылы қадағалап отырады. 4 мыңнан астам камера адамдар көп шоғырланатын орындарда, яғни ойын-сауық кешендерінде, мешіттер, аялдамалар мен вокзалдарда орнатылған. Осылайша әрбір заңға қарсы әрекет құзырлы органдардың назарында болып, құқық бұзушылықтардың санын азайтуға оңтайлы әсер етеді. Сондай-ақ халық қалаулылары «109 кезекшілік қызметінің» мамандарымен де тілдесті. Сала өкілдерінің айтуынша, мұнда хабарласатын тұрғындар саны жыл санап артып келеді. «Коммуналдық-шаруашылық бағытындағы барлық мәселелер қарастырылып, азаматтардың талап-тілектері ескерусіз қалмайды», – дейді операторлар.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз «100 нақты қадам» ұлт жоспары ауқымында өзіміздің заң жобасын ауыстырып, биылғы жылы заң қабылдағанбыз. Соның бәрін ақпарат ретінде пайдалану үшін келдік.

Осы категория бойынша: « Сыр өңірінде үш аудан орталығы газдандырылады Елімізде тегін дәрі-дәрмекті кімдер ала алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы