365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында Қиғаш, Жайық өзендерінің түбі тереңдетіліп жатыр

  • 249
  • UPD: 15:10, 20.08.2018
Атырау облысында Қиғаш, Жайық өзендерінің түбі тереңдетіліп жатыр

Атырау облысында Қиғаш және Жайық өзендерінің Каспий теңізіне құяр сағасын тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Өзендердің түбін тереңдету аймақтың экологиялық ахуалымен қоса экономикалық әлеуетін арттыруға да мүмкіндік береді. Балықтардың уылдырық шашу өрісі кеңіп, табиғи қорды толтыруға жол ашады. Өткен жылы басталған ауқымды жұмыстар жоспарға сәйкес 2019-20 жылдары толық аяқталатын болады. Қазір мердігер ұйымдар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Күрделі жобаны іске асыру үшін қазынадан 7 жарым млрд теңге бөлінген. Өзеннің тазалануы балық жүретін арналардың көзін ашып, уылдырық шашу өрісіне еркін өтуін қамтамасыз етеді. 

Нұрлыбек Сақпаров, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстары негізінен 23 километр арақашықтықты қамтиды. Сонымен қатар 17 километр шамасында жаңадан арна құрылысы қарастырылған. Қиғаш өзені бойынша теңіздің сағасына дейін 150 километр түп тереңдету жұмыстары қарастырылған.

Осы категория бойынша: « БҚО-да мердігерлер еңбек заңын бұзып отыр Қазақстандық блогерлер Алакөл жағасында шеберлік сағатын өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы