365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық блогерлер Алакөл жағасында шеберлік сағатын өткізді

  • 157
  • UPD: 15:38, 20.08.2018

Алматы облысында электронды бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен белгілі блогерлер шеберлік сағаттарын өткізіп, өзара тәжірибе алмасты.

Әлеуметтік желіні тиімді пайдалану заман талабы. Сондықтан қатысушылар осы тақырыпқа ерекше ден қойды.

Айдынды Алакөлдің жағасында өтіп жатқан бұл шараның мақсаты – қатысушыларға электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіні тиімді пайдалана білуді үйрету. Дәріс оқушылар мұнда ғаламтордағы алдыңғы қатарлы ақпараттық жобаларды талқылап, қысқа жазбалар алаңының артықшылықтарына тоқталды. «Интернет ресурстарын мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында да барынша тиімді қолдана білуге болады», – дейді олар.

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Бұл шараның басты мақсаты – жаңа медиаақпарат толқынындағы өзекті, әлеуметтік желіде, заманауи мессенджерде трендте жүрген азаматтарымызбен, республика көлеміндегі өзіміздің жергілікті меншікті тілшілеріміз болсын, блогерлеріміз болсын, баспасөз хатшылары болсын, бәрінің басын қосып, тәжірибе алмасу.

Тұрғындардың дені бұрын ақпаратты мерзімді баспасөз бен телерадиодан алып келсе, қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Жаңалық ел ішіне жылдам тарайды. Алайда бұрмаланып жететін ресми емес ақпарат та аз болмай тұр. Сәйкесінше әлеуметтік желі пайдаланушыларының мәдениетінің төмендігі де көрініс бере бастады.

Ербол Еділов, блогер:

- Ақпарат деген интернет арқылы тез тарайды ғой. Нетворкинг деген мәселе бар. Сен қанша жерден Гарвардты бітірсең де, адаммен қарым-қатынас болуы керек, сөйлесіп білу керек. Сондықтан адамдардың бір-бірімен қарым қатынасы жақсы болуы керек.

Елімізге ғаламдық үрдіспен бірге келген интернет журналистиканың да бірнеше бағыты, өзіндік міндеті мен талаптары, ережелері бар. Сондықтан бұл сала жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. «Біздің міндетіміз – қоғамды ілгерілетуге күш салу. Бұл тұрғыда Алакөл жағасында ұйымдастырылған жазғы мектеп шарасының берері мол. Мұндай басқосулар еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып тұрса құба-құп», – дейді жиынға қатысушылар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Осы категория бойынша: « Атырау облысында Қиғаш, Жайық өзендерінің түбі тереңдетіліп жатыр ШҚО-ның Абай ауданында жүзу бассейні қолданысқа берілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы