369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Абай ауданында жүзу бассейні қолданысқа берілді

  • 210
  • UPD: 19:03, 20.08.2018

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында жүзу бассейні ел игілігіне берілді.

Заман талабына сай салынған спорттық жаңа нысанды тұрғызуға облыстық бюджеттен 262 миллион теңге бөлінген. Бес жолақты бассейннің ұзындығы – 25, ені – 8,5 метр, тереңдігі 1,8 метр. Ауданда бұрын 8 спорт түрінен үйірмелер жұмыс істесе, енді жас өрендер үшін тағы бір жаңа бағыт пайда болды. Биыл абайлықтар облыстық спартакиадада тұғыш рет III орын иеленсе, аудан тумасы Айбек Нұғымаров «Қазақстан барысы» турнирінде қола белбеуді жеңіп алды. Бірқатар спортшылар республикалық, әлемдік бәсекелерде жүлдемен оралғанын да айта кеткен жөн.

Қуат Қалиев, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

- Абай ауданында ең кенже қалып келген спорт түрі еді. Қазір енді Абай елінде, жалпы құрғақта орналасқандықтан, бізде су спорты онша дамымай тұр. Соған өте қолайлы, ыңғайлы жағдай болып тұр. Бұған жаттықтырушы ретінде арнайы мамандарды, Өскемен қаласынан 2 түлекті шақырып отырмыз. Соларды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтып, қосымша үймен қамтып, осы жерге жұмысқа алмақшымыз. Бұл жерде бір қабылдағанда 40 балаға дейін қабылдаймыз.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық блогерлер Алакөл жағасында шеберлік сағатын өткізді Қиғаш және Жайық өзендерінің түбі тазартылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы