365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батысқазақстандық мұғалімдер Финляндияда шеберліктерін шыңдамақ

  • 216
  • UPD: 21:30, 20.08.2018

Батысқазақстандық 10 педагог биыл күзде Финляндия мемлекетінде шеберлік шыңдайтын болады.

Өңірдегі кәсіптік білім беру колледждерінің оқытушылары шетелде BIM технологиялары, яғни құрылысты ақпараттық моделдеу бойынша тәжірибе жинамақ. Бұл туралы облыс ұстаздарының дәстүрлі тамыз кеңесінде мәлім болды. Алғаш рет TEDx форматында ұйымдастырылған кеңес «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбын арқау етті.

Айта кеткен жөн, аймақта ұстаздардың жаңашылдықпен жұмыс істеп, инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуіне мүмкіндік мол. Былтыр 16 колледж оқытушысы Малайзия, Чехия, Ұлыбритания және Германия мемлекеттерінде білімдерін жетілдірді. 8 мыңдай педагог жаңартылған мазмұндағы білім беру курстарынан өткен. Облыста 10 мыңнан астам ұстаз 30% көлемінде үстемеақы алады. Биыл техникалық және кәсіби мамандарды даярлау мақсатында жергілікті бюджет есебінен 3500 грант бөлініп отыр. Сонымен қатар 100 мектеп түлегі жоғарғы оқу орындарында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқу үшін гранттарды иеленді. «Педагог кадрларды оқыту. Білім беру жүйесін цифрландыру. Рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту. Алдағы оқу жылындағы басты бағыттар осылар болмақ. Сондықтан әрбір маман өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет», - дейді мамандар

Ғани Бейсембаев, ЮНЕСКО клубы, EDTECH-KZ халықаралық білім орталығының бас директоры:

- XX ғасырда адам алған білімін 15-20 жыл ескірмей, оны пайдалана алатын еді. Ал ғалымдардың айтуынша, XXI ғасырдың басында бұл екі жарым жыл сайын өзгеріп ескіріп отырады екен. 2015 жылдан бастап әрбір 1,5 ай сайын. Ал енді алдымыздағы 2020 жылдан бастап әрбір 72 сағат сайын адамның алған білімі, ақпараты өзгеріп, жаңарып, ескіріп отырады деген тұжырым бар. Яғни ондай заманда не істеу керек? Адам үнемі ізденіс, оқу-білу үстінде болуы керек. Жылдам өзгерістер заманының ерекшелігі осында.

Осы категория бойынша: « Рудныйда «ақылды» технология бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылмақ Құрбандықты шариғат ережесіне сай шалу үшін Астанада арнайы орындар бекітілген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы