365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрбандықты шариғат ережесіне сай шалу үшін Астанада арнайы орындар бекітілген

  • 186
  • UPD: 22:29, 20.08.2018

Ертең мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхиджа айының оныншы жұлдызы. Дәл осы күні қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады.

Ханафи мәзһабы бойынша жағдайы бар әрбір мұсылманға Құрбан айтта мал шалу уәжіп. Сондықтан игі шараға дайындық жұмыстары бүгіннен басталып кетті. Жалпы Зүлхиджа айының алғашқы он күні берекелі саналады. Оның тоғызыншы жұлдызы Арапа күні.

Арапа араб тіліндегі білу, түсіну деген мағынаға саятын «ъарафа» етістігінен шыққан. Олай аталуының себебі, Зүлхиджа айының сегізі күні Ибраһим пайғамбарымыз өз баласы Исмайлды құрбандыққа шалып жатқаны жайында түс көрген. Тоғызы күні дәл сол түс қайта келеді. Осыдан кейін пайғамбарымыз оның Алладан келген аян екенін түсінген. Бұл күні қажылық парызын өтеуге барған кісілер түс ауғаннан кейін ертеңгі таң намазына дейінгі аралықта Арафат тауына бір мезет тұрақтайды.

Әділхан Серікбай, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы:

- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисі бар. Кімде-кім бұл Арапа күнінде ораза тұтса, қажылықтағы кісілер ораза тұтпайды. Қажылыққа бармағандар ораза тұтатын болса, олардың алдыңғы және келер жылғы күнәларының кешірілуіне себепші болады делінген. Сондықтан Арапа күнінде ораза тұту абзал болады. Міндетті емес абзал.

«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. Сондықтан мұсылман баласы шама-шарқына қарай құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін білдіреді. Құрбандықты шариғат ережесіне сай шалу үшін Астана қаласында арнайы орындар бекітілген.

Олар – Қарағанды тас жолындағы сауда үйі, Көк базардың артында, Дәл осы Алаш тас жолының бойында «Жайлау» базары, Павлодар тас жолының 9-шы шақырымындағы шаруа қожалықтың алаңында, «Ұлжан» әмбебап базары маңында, Софиевка тас жолының бойында және Қосшы кентінде «Алтын таға» базары бар. Бүгіннің өзінде базарларда сауда басталып кетті.

Ратбек Жақсыбаев, сатушы:

- Жүз шақты қой алып келдік, Құдай қаласа, сауда болса, барлығын сатуға тырысамыз. Бүгін он шақты қой кетті. Айт енді басталады. Үш күн айт әлі алда.

Иса Яхудаев, қала тұрғыны:

-Құдай қаласа, ертең Құрбан айттың бірінші күні. Соған барша мұсылман қауымын келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын. 3500 міне, бүгін мал көруге қой көруге келген едік. Қойлардың кішкентайы 25 мыңнан алды, ал үлкен қошқарлар 60 мыңға дейін барып жатыр.

Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малы шалынады. Уақ малын бір адам, ал ірі қара мен түйені 7 адам бірігіп шалуға болады.

Әділхан Серікбай, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы:

- Қой, ешкі бір жастан асқан болса жарайды құрбандыққа. Сиыр екі жастан асқан болуы керек, түйе бес жастан асқан болуы керек. Құрбандықты таңертең тұрып, күн найза бойы көтеріліп, сәске уақыты болған кезде біз Айт намазын оқимыз. Айт намазын оқып болғаннан кейін құрбандық шалынады. Айт намазы оқылмай тұрып құрбандық шалса, ол құрбандыққа жатпай қалады екен.

Құрбан айт намазы Астанада таңғы сағат жетіде оқылады. Имамдардың айтуынша, бұл күні мұсылман жамағаты бір-бірін мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күйде болы керек. Сол үшін шаһардағы мешіт ауласында түрлі спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Әділғазы Төлеміс

Осы категория бойынша: « Батысқазақстандық мұғалімдер Финляндияда шеберліктерін шыңдамақ Қарағанды облысында Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы аталып өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы