365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада нөсер салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр

  • 177
  • UPD: 22:38, 20.08.2018
Елордада нөсер салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр astana.gov.kz

Астананың коммуналдық қызметтері нөсердің салдарын жедел түрде жою үстінде.

Бұл жайлы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эльвира Жүргенбаева хабарлағандай, қаланың коммуналдық қызметтері қазіргі уақытта жұмыстарын күшейтілген тәртіпте жүргізіп жатыр. «Елорда көшелерінде барлығы үйлесімді түрде мамандандырылған 10 арнайы техника нөсердің салдарын жоюда. Нақтырақ айтқанда, «Есіл» ауданына техникалардың 41-і, «Байқоңыр» ауданына 21-і, «Алматы» ауданына 26-ы, «Сарыарқа» ауданына 14-і жұмылдырылған», - делінген хабарламада.

Коммуналдық қызметтердің өкілдері уәде беріп отырғандай, қатты нөсердің салдары жауын қайта басталмаған жағдайда екі сағаттың ішінде ретке келтірілмек. «Қала тұрғындарына жолдардағы техникаларға түсіністікпен қарап, маршрутты алдын ала жоспарлап алуларын сұраймыз», - дейді Эльвира Жүргенбаева.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы аталып өтті Үржар ауданының диқандары су тапшылығының зардабын тартып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы