365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар мұнай-химия зауытында кезекті жөндеу жұмыстары аяқталды

  • 178
  • UPD: 09:38, 21.08.2018
Павлодар мұнай-химия зауытында кезекті жөндеу жұмыстары аяқталды

Ауыл шаруашылығы саласын арзандатылған жанар-жағармаймен қамтитын кәсіпорын толыққанды жұмыс істеп тұр.

Мамандардың хабарлауынша, жөндеу үрдісі бұрынғыдай бір ай емес, 15 күнге созылған. Ал зауытта жүргізілген жаңғырту жұмыстары өндірістік қуаттылықты арттыруға мүмкіндік берді. Кәсіорын аумағында бірнеше заманауи құрылғы бой көтеріп, бұл игілікке 189,5 млрд теңге бөлінді.

Айта кетейік, отандық өндіруші эклогиялық стандартты К-4 жанар-жағармайын шығара бастады. Ішкі нарыққа қажет әуеотыны да өндіріліп жатыр. Жыл соңына дейін 18 мың тонна жанар-жағармай өндіріледі деп күтілуде.

Алексей Аникин, Павлодар мұнай-химия зауытының департамент басшысы:

- Жаңа өндірістік жүйелер іске қосылды. Нәтижесінде жөндеу жұмыстарының үш жылдық циклына көштік. Қысқа мерзімді жөндеу жұмыстары шаруаларға арзандатылған жанар-жағармай тасымалдау үрдісіне әсер еткен жоқ. Биылғы жылы ашық түсті сұйық отын өндірісінің көлемі 30%-ға артты.

Ертіс өңірінің шаруаларына күзгі жиын-терімге 21 мың сұйық отын бөлінді. Қазіргі уақытта диқандар дизель отынын тасымалдап, астық ору жұмыстарын бастап кетті. Биылғы жылы дәнді дақылдар мен көкөніс 1 млн гектар жерге егілген. Олардың 700 мың гектары бидайға тиесілі. Сонымен қатар 17 мың га жерге картоп тұқымы себілді.

Төлеген Көшербаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Шаруалар арзандатылған дизель отынымен толық қамтылды. Жанар-жағармайды тасымалдауда кідіріс жоқ. Тамыз айына 7 мың тонна, ал қыркүйек айына 7 мың тонна бөлінді. қазіргі таңда шаруалар қауымы тиісті құжаттарды ресімдеп жатыр.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде 5 тұрғын үй апатты жағдайда тұр Құрбан айт кезінде ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы