374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО: ауыл балалары мектепке автобуспен қатынайтын болды

  • 175
  • UPD: 13:42, 21.08.2018

Батыс Қазақстан облысының Федоровка ауылында бірнеше бағытта автобустар қатынай бастады.

Сержан Идиятов есімді жергілікті кәсіпкер қолға алған бұл бастама ауыл тұрғындарын қуантып отыр. Өйткені Теректі ауданының орталығы болып табылатын ауыл аумағы жыл санап өсіп келеді. Ал мектепке баратын балаларға кемінде 3-4 шақырым жолды еңсеру қажет. Әсіресе қолайсыз ауа райы кезінде егде жастағы адамдарға өте қиын. Сондықтан кәсіпкер автобус тоқтайтын жерлерге талапқа сай шағын дүкені бар аялдамалар да салып берген. Оны өз өнімдерін сатуға мүдделі ауыл кәсіпкерлеріне тегін ұсынып отыр. «Туған жерді, өскен өлкемізді түлету парызымыз. Сондықтан бұл әрекетіміз арқылы пайда көруді емес, сәл де болса ауылға қолдау көрсету басты мақсатымыз болды» дейді қайырымды азамат. 

Әлия Байболатова, Федоровка ауылының тұрғыны:

- Балаларға мектепке бару оңайға түспейтін. Себебі ауылдың мына жағында қазақ, ал мына шетінде орыс мектебі орналасқан. Енді міне, ауылымызда автобустар қатынай бастады. Біз бұған өте қуаныштымыз.  Өзім сабақ беретін түзету сыныбындағы  мүмкіндігі шектеулі балаларға да жақсы болды.   

Сержан Идиятов, кәсіпкер:

- Осындай автобустарды маршрутты ауыл ішінде ұйымдастырып, 3 автобус сатып алып жібердік. Себебі Федоровка ауылында кішкентай балаларға қыста, көктемде сабаққа баруға қиындау. Үлкен адамдарға, мүгедектерге. Енді өскен жеріміз болған соң кішкеңе болса да көмек болсын деп, бәрін ұйымдастырып жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында «Bastau Бизнес» бойынша оқытудың төртінші кезеңі басталды Жамбыл облысында егін орағы аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы