374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп Ресейден санкцияларды алып тастаудың жолдарын атады

  • 158
  • UPD: 14:30, 21.08.2018
Трамп Ресейден санкцияларды алып тастаудың жолдарын атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді қысымнан құтқарудың жолдарын айтты.

Рейтер ақпарат агенттігіне сұхбат берген Ақ Үй басшысы ресми Мәскеу Құрама Штаттармен Украина және Сирия мәселелері жөнінде ынтымақта болуы тиіс. Жалпы АҚШ Ресейге 2014 жылдан бері бірнеше санкция салды. Соңғы рет шектеу шарасы 8 тамыз күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында бұрынғы ресейлік тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызына жасалған қастандықпен байланысты қабылданған еді. Оның бірінші бөлігі 22 тамызда күшіне енуі керек. Ал үш айдан соң тағы шектеу шаралары қабылдануы мүмкін. Алайда Мәскеу өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, мұндай әрекеттің заңсыз әрі халықаралық саудаға нұқсан келтіретінін жеткізді. Айта кетейік, бұл санкциялардың кейбіреуін алып тастау Ақ үй басшысының құзыретінде. Бірақ олардың бірқатарын Конгресс қабылдаған.

Осы категория бойынша: « Қазақ-өзбек шекарасында көлік кептелісі мәселесі шешіледі Павлодарлықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы