369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті

  • 263
  • UPD: 15:11, 21.08.2018

Қайырымдылық пен ізгілікке үндейтін Құрбан айт павлодарлықтар үшін де халықтық мерекеге айналды.

Айт намазынан кейін ниет еткендер құрбан шалуға кіріссе қалалық саябақта үлкен мерекелік шара ұйымдастырылып жатыр. 

Ертіс өңірінде мереке қалай тойланып жатыр?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Иә, бұл күн тұрғындарға Айт намазын оқып, құрбан шалуды нәсіп етеді. Келесі шарттары: ол дастархан жайып, қарттар мен балаларға сыйлық жасау екен. Өңірде халықты ізгілікке шақыратын, сауапты іс жасауға үндейтін мерекеде осы аталған  шарттардың бәрі дерлік орындалып жатыр. Жалпы, еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырдан аса уақытта облыс аумағында жүз шақты  мешіт бой көтерді. Ең жаңасы осыдан бір ай бұрын ғана Баянауыл ауданында қолданысқа берілді. Сондай-ақ аймақта медресе және құран оқуға үйрететін орталық жұмыс істейді.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Ал қалалық саябақта Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық  мешіт пен қалалық   Ақ мешіттің ұйымдастыруымен Құрбан Айт мерекесі өтіп жатыр. Қала тұрғындары құран оқудан жарысқа түсіп, спорттық шараларға қатысады. Сонымен қатар қайырымдылық дастархандары жайылған. Аспаздар жиырма бес  қазанда палау әзірлейді. Олардың төртеуі  Ассамблея мүшелеріне тиесілі.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Атап өтерлігі, сауапты істер мұнымен шектелмейді. Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт жаңа оқу жылы қарсаңында 150 баланы киіндіріп, кеңсе тауарларын алып берді. Ал Ақтоғай ауданының іскер азаматтары  жергілікті тұрғындар қасиетті санайтын екі құдықты қалпына келтіріп,  айналасын қоршап берген. Күре жолдың бойында тұрған құдыққа ары бері өткен жолаушылар аялдайды. Мендегі бар ақпарат осы. Құрбан айт қабыл болсын.

Осы категория бойынша: « Трамп Ресейден санкцияларды алып тастаудың жолдарын атады Ақмола облысында дауыл туралы ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы