374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында күшті желден үйлердің шатыры ұшты

  • 174
  • UPD: 15:31, 21.08.2018
Қарағанды облысында күшті желден үйлердің шатыры ұшты

20 тамыз күні кешқе қатты жел Қарағанды облысы Нұра ауданының Тассуат ауылындағы мәдениет үйінің, орта мектептің және 12 үйдің шатырын ұшырып әкетті.

Бұл туралы ҚР ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Арнайы комиссия материалдық шығынның көлемі мен қайта қалпына келтіру ісін жүргізу бойынша жұмыс жасауда. Елді мекенде электр желісі үзіліп, жарық сөніп қалған. 21 тамызда электр желілерін жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Осы категория бойынша: « Түркістан халқы Құрбан айт мерекесін атап өтті Петропавлдықтар жолдың жөнделуін өздері қадағалайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы