374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысындағы бес ауданда EXPO жобалары жүзеге асырылуда

  • 159
  • UPD: 19:33, 21.08.2018
Маңғыстау облысындағы бес ауданда EXPO жобалары жүзеге асырылуда

Биыл Мұнайлыда 2 мегаваттық күн электр стансасы іске қосылды.

Таяу күндері осы ауданда және Түпқарағанда жел электр стансалары қолданысқа берілмек. Соңғысында келер жылы қуаты 42 мегаваттық тағы бір бекет ашылады. Сондай-ақ 2019 жылдан бастап Қарақия, Бейнеу және Маңғыстау аудандарында баламалы қуат көзін өндіретін нысандар бой көтереді. Осы күзде Энергетика министрлігі аукцион өткізеді. Оған қатысатын инвесторлардың EXPO жобасын қай елді мекенде салатыны шешілмек.

Бердібек Қартбаев, облыстық энергетика басқармасының бөлім басшысы:

- Өз кезегінде біздің облысымызда жасыл экономиканы дамытуда айтарлықтай септігін тигізетін жобалар. Құрылыс жобаларының барлығы да электр станциялары болып саналады. Маңғыстау бөлу-тарату компаниясымен бүкіл тұтынушыларға шығарған энергияны тарататын боламыз.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысындағы ауылда төтенше жағдай жарияланды Әлемнің үздік мергендері Қарағанды облысында өзара мықтыны анықтап жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы