374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда 25 қазан палау әзірленді

  • 189
  • UPD: 21:45, 21.08.2018

Ертіс өңірі де Құрбан айтта бір-бірін құттықтап жатыр.

Орталық саябақта 25 қазан палау әзірленіп, жиналған қауым мерекелік дәмнен ауыз тиді. Ұйымдастырушылар осыншама мәзірді әзірлеуге 500 келіге таяу күріш пен ет, 600 келіге тарта сәбіз, 115 литр май және 345 келі пияз пайдаланған. Қасиетті мерекеде қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылды. Аймақтағы мешіттер аз қамтылған отбасылардың балаларына кеңсе тауарлары мен киім-кешек тарту етті.

Дәулет Зәкариянов, облыстық дін істері басқармасының басшысы:

- Еліміздің тарихы бар, дәстүрлеріміз бар, оның ішінде рухани және діни дәстүрлерді жаңғыртуымыз керек, әрине. Ол енді өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені ата-бабаларымыздан қалған құндылықтарды сақтай отыра келешек ұрпаққа таныту керекпіз. Және де көпконфессиялы, көпэтносты елімізде ынтымақтастықты күшейту үшін осындай мерекелердің маңызы өте зор деп есептейміз.

Ертіс өңіріндегі Ақтоғай ауданына қарасты Қожамжар ауылының жомарт жандары халықтың игілігіне екі құдық қазып берді. Бұл іске 50-ден астам ауыл азаматы атсалысып, қомақты қаржы бөлген. Құдықтың бірі Ресейге апаратын күре жол бойында орналасқан. Екіншісі ауыл зиратының басынан қазылды. Бұл – ауылдағы ағайынның сұранысы. Демеушілер бұл іске 500 мың теңгеден астам қаржы құйған.

Айта кетейік, Қожамжар ауылы әу бастан жомарт жандарымен танымал. Меценаттардың көмегімен елді мекенде 300 орындық асхана, мешіт бой көтерген.

Қуаныш Кәрімов, Қожамжар ауылының тұрғыны:

- Халық көп өтеді. Сондықтан біз осы құдықты халыққа арнап салғыздық. Солар жақсы демалсын, су ішіп, осы жерден аттансын дедік. Суы өте жақсы, дәмді, зәмзәм суы сияқты деуге болады.

Осы категория бойынша: « Алматыда Денис Теннің қазасынан кейін 13 полиция қызметкері жазаланды «Армия-2018»: Қазақстан заманауи қару-жарақ және техника үлгілерін ұсынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы