365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда қыркүйек соңына дейін 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі

  • 196
  • UPD: 07:46, 22.08.2018

Оралдағы «Сарытау» шағынауданында салынып жатқан 900 орындық мектеп қыркүйек айының соңына қарай пайдалануға беріледі.

Мектеп құрылысына бұған дейін Ұлттық қордан 1 миллиард 888 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын. Бастапқы мердігермен келісімшарттың бұзылуына байланысты қазір құрылысты өзге кәсіпорын жалғастырып жатыр.

Айта кеткен жөн, Сарытау шағын ауданының халқы жыл санап өсіп келеді. Әрі келешекте бұл жерде бірнеше көпқабатты үйлер салу жоспарда бар. Ал жаңа нысан пайдалануға берілген кезде 7 мыңға жуық оқушы білім алып жатқан 4 бірдей мектепте үш ауысымдық жүйе мәселесі толығымен шешіледі. Сонымен қатар су жаңа білім ордасында бүлдіршіндер үшін 100 орындық шағын орталық жұмыс істейтін болады және 74 жаңа жұмыс орны ашылады.

Боранбай Мерғалиев, мердігер кәсіпорынның бас инженері:

- Осы мектептің құрылысына 20 маусымнан бастап кірістік. Бізге дейін істеген мердігерден қабылдап алғанымызға 2 айдай уақыт болды. Сол уақыттың ішінде біз сылақ жұмыстарын, сантехника, электрика тоқ жүргізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта мектептің құрылысы 95%-ға дайын деуге болады.

Осы категория бойынша: « Астанада 2 мыңға жуық адам заңды баспаналарына қол жеткізе алмай жүр Үржар ауданында мектептердегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы