364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 5 шақырымға жуық жылу магистралі жөнделеді

  • 143
  • UPD: 11:54, 22.08.2018
Оралда 5 шақырымға жуық жылу магистралі жөнделеді

Оралда биыл жылыту маусымына дейін 5 шақырымға жуық жылу магистральдары жөнделеді.

Бұл мақсатқа 2 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. Нәтижесінде 255 тұрғын үй мен 30 шақты әлеуметтік нысанның жылу құбырлары жаңартылады. Қазіргі таңда Астана және Қонаев шағын аудандарында құбырлар ауыстырылып жатыр. Ұзындығы 1 шақырымнан асатын әртүрлі диаметрдегі құбырларды жаңартуға 347 миллион теңге қаржы бағытталған. Сонымен бірге «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпорындардың күшімен ұзындығы 2 шақырымнан асатын екі бірдей жылу магистралі жөнделеді. Жобаның жалпы құны 1,2 миллиард теңге.

Мұрат Байменов, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры:

- Мердігер компаниясы осы жақын арада жөндеу жұмыстарына кірісті. Жылу магистралінен 106 тұрғын үй жылу алып тұр. Сол себептен осы жылу магистралінде апатты жағдайлар орын алғасын, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жөндеу жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуы тиіс.

Осы категория бойынша: « Ақтауда 50-ден астам цифрлық жоба қолданысқа енеді Ауыл тұрғындары зауыттан шыққан өндіріс қалдықтарынан зардап шегіп отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы