374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысынан ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 20 тоннадан астам балық әкелінеді

  • 203
  • UPD: 11:42, 22.08.2018
Атырау облысынан ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 20 тоннадан астам балық әкелінеді interfax.by

25-26 тамызда «Қазақстан» СК тұрақ алаңында Атырау облысының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Атырау облысының аграрийлері 12,5 тонна картоп, көкөніс пен бақша өнімдерін, ет өнімдерінің 10, сүт өнімдерінің 2,5 тоннасын әкеледі. «Карат» пен «Асыл агро» кәсіпорындары үш мыңға тарта консерві мен шұжық өнімдерін, «Алмалы құс» кәсіпорны 60 мың тауық жұмыртқасын саудаға қояды. Сондай-ақ жәрмеңкеге балықтың 20 тоннасы әкелінеді деп күтілуде.

Балық өнімдерін атыраулық «Аманкелді» мен «Тілекші» кәсіпорындары, Құрманғазы ауданының «СевКАзКаспий» ЖШС, сондай-ақ Исатай ауданының «Жамбыл» кәсіпорны ұсынады.

Дәстүр бойынша сауда алаңында облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынады.

Осы категория бойынша: « Қ.Тоқаев Астананы су алып кетуіне қатысты шұғыл шаралар қабылдауды талап етті Еліміздің білім беру ошақтары жылу маусымына 100% дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы