367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған конференция өтті

  • 222
  • UPD: 20:32, 22.08.2018

Жазушылар мен тарихшылар және жергілікті жастар өкілдері қатысқан жиында аталған тарихи оқиғаның әлі толық зерттелмей келе жатқаны айтылды.

Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған үлкен той алдағы қазан айында Алматы облысының Панфилов ауданында өтеді. Ардақ Айбарұлы әңгімелейді.

Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы елімізде алғаш рет 1993 жылы 3 шілдеде Алматы облысының Панфилов ауданындағы Белжайлау алабында аталып өтті. Оған дейін бұл шайқас жайлы көп айтылмады. Тіпті оның нақты қай жерде өткендігі де дау тудырып келген еді. Орбұлақта қазақтың 600 қолы ойраттың 50 мың әскеріне тойтарыс бергені жайлы деректер Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп тұқияннан өзіме шейінін» атты еңбегінде нақты жазылған.  

Бексұлтан Нұржекеев, жазушы:

- Қазыбек бек Тауасарұлы оның көне Жаркенттен күншілік жерде оқпана қазып соғысты дейді. Демек, бұған нануға тура келеді.

Ал антраполог, этнограф ғалым Марал Томпиев Орбұлақ шайқасы болған жерден әлі күнге дейін қорғасын мен жебенің ұштары табылып жатқанын айтты. Сондықтан оқиғаның тап сол жерде болғанына еш күмән жоқ.

Марал Томпиев, тарихшы:

- Металл іздегішпен сол жақты зерттегенбіз, қорғасыннан оқ таптық. Жебенің оқтары болды. Орбұлақ шайқасы Жоңғар Алатауында болған, ол анық.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен жылы Орбұлақ шайқасы болған жерге ескерткіш қойылды. Бұл осыдан төрт ғасырға жуық уақыт бұрын жоңғардың 50 мың әскерін 600 қолмен тоқтатқан қазақ сарбаздарының рухына бағышталып жасалып жатқан шара. Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай қазан айында Жаркентте ғылыми-теориялық конференция, халықаралық жыршылар шеру-фестивалі ұйымдастырылып, «Орбұлақ шайқасы» мемориалды кешені ашылады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Астананың билік өкілдері жаңбырдың салдарына байланысты халықтан кешірім сұрады Отандық дәрігерлер бастағы қатерлі ісікке күрделі операция жасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы