364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтарға алаяқтық шабуыл жасалды

  • 276
  • UPD: 08:31, 23.08.2018

Әлеуметтік желіде «1991-2018 жылдар аралығында Қазақстан немесе Ресейде еңбек еткендер 650 мың теңге ақша алуға құқылы» деген ақпарат өріп жүр.

«Тізімде бар-жоғыңды тексеру үшін Egov порталынан тексер» деп арнайы сілтеме көрсеткен. Басып қалсаңыз, шетелдік сайттан бір-ақ шығасыз. «Ұлттық ақпараттық тенхнологиялар» компаниясы мамандарының айтуынша, бұл – азаматтардың жеке мәліметтерін алуға бағытталған құйтырқылық. Осыған сенген жүздеген адам Egov порталының Call-орталығына қоңырау шалыпты. Сарапшылардың айтуынша, сілтеме қолданушылардың есепшотына немесе қаржылық аударымдарына ешқандай қауіп төндірмейді.

Ренат Рахмади, «ҰАҚ» АҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін техникалық бағдарлау бойынша директор:

- Қазіргі алынған ақпараттар қауіпті емес. Өйткені азаматтардың ЖСН, тегі, аты-жөні, есепшоттарына қатысты мәліметтер ала алмаған. Тек телефон нөмірлерінің базасы жинақталған. Өкінішке қарай, біз өз сайттарымызды сыртқы әлемнен оқшаулай алмаймыз. Мұндай шабуылдар күнде жасалады. Басым бөлігі шет елдерден келеді.

Осы категория бойынша: « Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы кәсіпорындарды аралады ШҚО-да сұйытылған газ жетіспейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы