364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да сұйытылған газ жетіспейді

  • 139
  • UPD: 08:32, 23.08.2018

Өңірде аталған отынға қажеттілік айына 5 720 тоннаны құраса, қазір ай сайын 3 300 тонна ғана беріліп отыр.

«Бұл аймақ үшін жеткіліксіз», – дейді облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері. Дегенмен жалпы қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін қазір министрлікпен қажетті шаралар атқарылып жатыр. Сала мамандары алдағы уақытта сұраныстағы көрсеткішке қол жеткіземіз деген үмітте. Ал газ бағасының 90 теңгеге дейін  қымбаттауына байланысты әзірге ресми дерек тіркелмеген. Сала  басшылары автокөлік газы қамбаттаған жоқ деп отыр.

Мұрат Мұсатаев, Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Павлодар мұнай өңдеу зауытынан сатып алу бағасы – 67 теңге, сату 72 теңгеге дейін жоғарылады, тікелей бағаны кәсіпкерлер өздері нарыққа сәйкес қалыптастырып отырады. Бірақ оны қадағалайтын агенттік бар.

Осы категория бойынша: « Қазақстандықтарға алаяқтық шабуыл жасалды СҚО-да жаздық бидайдың жаңа үлгісі мол өнім берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы