365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Серпін-2050»: Ақтөбе облысында 124 жас маман жұмысқа қабылданады

  • 251
  • UPD: 07:45, 23.08.2018
«Серпін-2050»: Ақтөбе облысында 124 жас маман жұмысқа қабылданады

«Серпін-2050» бағдарламасымен Ақтөбеге барып білім алған 124 жас маман жұмыспен қамтылады.

Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетін тәмамдаған түлектердің төртеуі аудан мектептеріне орналасты. 43 мұғалім облыс орталығындағы мектептерде еңбек етеді. 11 маман ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған балабақшадан жұмыс тапты. Мемлекеттік бағдарламаның талабы бойынша, өзге өңірлерден оқуға келген студенттер диплом алғаннан кейін 3 жыл облыс аумағында жұмыс жасауға міндетті. Ақтөбеге негізінен көршілес Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарынан түлектер көп келеді.

Гүлнәз Сүлейменова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Сонымен қатар бұл жерде ауданға «Серпін» бағдарламасымен ауданға барған мамандарды аудан әкімшілігі баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асуда. Қалған 124 маманның қалғандары магистратураға оқуға түсуге байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егер магистратураға түспесе, ары қарай біздің өңірімізде 3 жыл жұмыс істеуі қажет.

Осы категория бойынша: « СҚО-да жаздық бидайдың жаңа үлгісі мол өнім берді Қызылорда облысында 28 көпқабатты үй пайдалануға беріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы