369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2018 жылдың жеті айында Алматыда 34 студенттен туберкулез анықталған

  • 202
  • UPD: 11:58, 23.08.2018

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтке қалалық Туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Жанар Сапиева хабарлады.

«Бұл өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда 8,1 пайызға аз», – дейді маман. Жанар Сапиеваның айтуынша, осы дертке шалдыққан студенттердің 41 пайызы жатақханада тұрса, 25 пайызы пәтер жалдап тұрған. Жалпы қалалық Туберкулезге қарсы күрес диспансерінде қазіргі уақытта әртүрлі жастағы 961 адам есепте тұр. Науқастардың барлығы дәрігерлердің бақылауында және тиісті ем алуда. 

Жанар Сапиева, қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері:

- Алматыда білім алып жүрген студенттер көп. Сондықтан алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын оларды флюорографиялық тексеруден өткізіп тұрамыз. Туберкулезді жұқтырған 34 студенттің басым бөлігі профилактикалық тексеру кезінде белгілі болды. Егер бактерия бөлетін түрі анықталса, міндетті түрде стационарлық ем қабылдайды. Дертінен толық айыққанша дәрігерлердің бақылауында болады.

Осы категория бойынша: « Петропавлда 5 мың текше метр су сорылды Астаналықтар МӘМС жүйесіне қатысуы туралы анықтамаларға тапсырыс беріп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы