370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтар МӘМС жүйесіне қатысуы туралы анықтамаларға тапсырыс беріп жатыр

  • 527
  • UPD: 13:08, 23.08.2018
Астаналықтар МӘМС жүйесіне қатысуы туралы анықтамаларға тапсырыс беріп жатыр Baq.kz

Денсаулық сақтау саласында ұсынылатын бірқатар мемлекеттік қызметтердің қатарына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарының және жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» және «Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы анықтамалар беру» қызметтері енгізілді.

Қазіргі таңда әрбір азамат аталған мемлкетттік қызметке тапсырыс беру арқылы өзінің МӘМС-тің қатысушы және өзі үшін аударылыған жарна сомасы туралы ақпаратты кез келген уақытта ала алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі МӘМС аударымдарының және жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Қәзіргі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарға ӘМСҚ жүйесіне қатысуы туралы анықтаманы беріп жатыр. Анықтаманы алу үшін әрбір азамат өзінің жеке төлқұжатымен Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, өтініш жазады. Орталық қызметшісі азаматтың құжаттарын тексеріп, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынын маманына жібереді. Қор өз тарапынан азаматтың ӘМСҚ қатысушы екендігін растайтын немесе растамайтын анықтаманы дайындайды. Анықтама үш жұмыс күн ішінде дайындалып, өтініш берген азаматқа ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет іске асырылғаннан бері Астана тұрғындары анықтамаға тапсырыс беруде белсенділік таныта бастады. ӘМСҚ жүйесінің қатысушы туралы ақпаратты алу – бұл әрбір азаматтың өз денсаулығына ден қоятындығының және құқықтық тұрғыдан сауатты екендігінің дәлелі.

Қыркүйек айының ортасында елімізде емханаларға тіркелу науқаны басталады. Астана қаласы бойынша 79 медициналық ұйым кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аталған медициналық мекемелердің жартысынан астамы жеке меншік болып табылады. Тұрғындар медициналық ұйымдардың толық тізімімен fms.kz сайтында таныса алады.

Осы категория бойынша: « 2018 жылдың жеті айында Алматыда 34 студенттен туберкулез анықталған Ә.Исекешев Астана тұрғындарын ертерек көмір сатып алуға шақырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы