365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 2019 жылға ТМККК қамтамасыз ету үшін дәрілерді сатып алу басталды

  • 223
  • UPD: 14:02, 23.08.2018
Қазақстанда 2019 жылға ТМККК қамтамасыз ету үшін дәрілерді сатып алу басталды Массагет

Медициналық ұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге ұсынылатын дәрілік заттарға өтінімдерді қалыптастырады.

ТМККК және МӘМС шеңберіндегі дәрілік заттардың тізімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығымен бекітілген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтерді төлеу бойынша қаржы операторы екендігін айта кеткен жөн.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 88-бабына сәйкес ҚР азаматтары Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде амбулаторлық деңгейдегі азаматтардың жекелеген санаттары, қамтамасыз етілуге құқылы», – деп ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Амангелдиев атап өтті.

Дәрі-дәрмектер диспансерлік есепте тұрған, сонымен қатар стационарларда тегін ем қабылдайтын пациенттер үшін сатып алынады. Сатып алынатын тізімге 1144 препараттар кіреді, олардың 829 – дәрілік заттар және 315 – медициналық мақсаттағы бұйымдар. Алдыңғы жылға қарағанда, биыл амбулаторлық деңгейде қамтамасыз етілетін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтілген. Аурудың 45 түрі бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін дәрілік заттардың 550-ден астам атауы сатып алынады. Өткен жылы дәл осындай мақсатта 482 атаумен дәрі-дәрмектер сатып алынған. 

Тегін дәрі-дәрмектерді жіберуге арналған рецептіні учаскелік немесе мамандырылған дәрігер нұсқау бойынша береді. Арнайы форманы толтыру үшін пациенттің жеке құжаты керек. Дәрі-дәрмектер мемлекет есебінен  нақты рецепт бойынша белгілі дәріханада беріледі. Даріхананын мекен-жайын азамат өзі тіркелген емханадан ала алады.

Барлық дәрі-дәрмектер тегін берілмейтінін атап өту керек. Егер де науқасқа қажет дәрі-дәрмек тізімде болмаса, оны ол ақылы түрдеалуға тиіс.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектерді алу бырысында Сізден препаратты ақылы түрде алуды талап етсе немесе  дәріні беруден бас тартса, Сіз өзіңіз тіркелген емхананың басшылығана, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің департаментіне өтініш бере аласыз.

Астана қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсетін 79 медициналық мекемемен келісімшарт бекітті. Олардың 36-сы – мемлекеттік және 43-і – жекеменшік мекеме.

Осы категория бойынша: « Ә.Исекешев Астана тұрғындарын ертерек көмір сатып алуға шақырды «Нұр Отан» партиясы ақпараттық технологияға негізделген жобаларға қолдау көрсетеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы