368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 10 жатақхана салынады

  • 266
  • UPD: 15:07, 23.08.2018
Алматы облысында 10 жатақхана салынады

Алматы облысындағы 74 колледжде 35 мыңнан астам талапкер білім алады.

Студенттердің оқу бағдарламасы соңғы талаптарға сай болғанымен, жатақхана мәселесі әлі де өткір. Түйткілді шешу үшін өңірде Елбасының 5 әлеуметтік бағдарламасындағы үшінші бағыт бойынша жатақхана салудың қадамдық жол картасы дайындалды. Қазір 10 жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары жасалып жатыр. Оның екеуі жоғары оқу орындарының үлесіне тисе, 8-і колледждердің еншісінде болады.

Гүлсара Исағұлова, Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұған облыс бюджетінен қаржы бөлінді. Енді бұл биыл бастау алатын болса, келесі жылы салына бастайды. Жатақхана құрылысы басталады.

Осы категория бойынша: « Оралда 50 көше жөнделеді Шымкентте зообаққа кіру бағасы арзандады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы