367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешенінде өрт сөндіру оқу-жаттығу жұмыстары өтті

  • 166
  • UPD: 20:10, 23.08.2018
Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешенінде өрт сөндіру оқу-жаттығу жұмыстары өтті Tengrinews

Елордада Орталық Азиядағы ең биік ғимарат саналатын «Әбу-Даби Плаза» кешенінде өрт сөндіру оқу-жаттығу жұмыстары өтті.

77 қабаттық алып құрылыс алаңындағы тілсіз жауды ауыздықтау жарты сағатқа созылды. Алдын ала жоспар бойынша 35-ші қабатта дәнекерлеу жұмыстары кезінде құрылыс материалы тұтанып, жалын жоғарғы қабатқа тарай бастады. Дабыл қағылған соң жедел әрекет жасау қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 10 минутта жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. 100 шаршы метр аумаққа таралған өрт сөндіріліп, зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетілді. Жалпы мұндай көпфункционалды биік ғимараттың өртке қарсы қызметі әрқашан дайын болуы керек. Сондықтан қалалық апаттық-құтқару мекемесі мен кешеннің өрт сөндіру қызметі өзара тығыз байланыста тиімді әрекет етуі тиіс. Оқу-жаттығудың мақсаты да сол – төтенше жағдайда адамдарды дер кезінде қауіпсіз жерлерге көшіру, құтқару жұмыстарынының әдіс-тәсілдерін пысықтау.

Серік Қожаханов қалалық өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі басшысының орынбасары:

- «Әбу-Даби Плаза» ғимараты Астанадағы ең биік кешендердің бірі болғандықтан мұнда біз жиі өрт сөндіру жаттығуларын өткіземіз. Бүгін 8 өрт сөндіру автокөлігі мен 30 жеке құрам қатысып отыр. Жаттығудың мақсаты осы 33 қабатта өрт пайда болды. Соны біздің жеке құрам 10 минутта 33-ші қабатқа көтеріліп, өртті тез арада ауыздықтап өшірді.

Осы категория бойынша: « Қызылордада жас инспекторлардың республикалық слеті өтіп жатыр Қазақстанда әскердегі қылмыс екі есеге азайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы