374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда полицейлер арасында футболдан ашық чемпионат басталды

  • 186
  • UPD: 20:52, 23.08.2018
Петропавлда полицейлер арасында футболдан ашық чемпионат басталды

Петропавлда ішкі істер органдары қызметкерлері арасында футболдан ашық чемпионат жалауын көтерді.

Дүбірлі дода биыл елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Астана, Павлодар, Қостанай, Көкшетау қалаларынан келген 8 әуесқой құрама алдағы үш күн бойы бақ сынасып, өзара мықтыны анықтайтын болады. Шараның басты мақсаты – тәртіп сақшыларының спорттық шеберлігі мен дайындықтарын нығайту.

Айта кеткен жөн, байқау Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылып отыр. Чемпионаттың ашылу салтанатында Солтүстікқазақстандық полицейлерге 11 қызметтік автокөліктің кілті табысталды. Ал оларды сатып алуға жергілікті бюджеттен 52 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Асқар Омарқұлов, «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары:

- Өздеріңіз білесіздер, бұл спорт кәсіби жағынан көп әсер жасайды біздің полицейлерге. Енді алда тағы біздің «Динамо» спорт қоғамы спорттың үш түрінен жарыстар өткізеді. Ол тапаншадан ату, содан кейін қоян-қолтық күресі және де самбо күресінен болады.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда әскердегі қылмыс екі есеге азайды Астанада алдағы бес жылда 24 жаңа мектеп ашу жоспарланған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы