374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий жағалауында жылжымалы кеңес беру алаңы өз жұмысын бастады

  • 573
  • UPD: 22:26, 23.08.2018

Өңірлік жастар ресурстық орталығы қолға алған дәстүрлі шара Ата заң күніне орайластырылған.

Жағажайда жүрген түрлі сала мамандары көпшілік көкейіндегі сауалдарға жан-жақты жауап беруде.

Талғат Исламұлы, twitter@Talkin84

- Берекелі бейсенбі кешінде теңіз жағалауына халық енді жинала бастады. Әдетте тұрғындар осы жерге жұмыстан соң келеді. Жаңа жағажайдағы амфитеатр жанында онға тарта кеңсе үстелдері қаз-қатар тұр. Осы көрініс көшпелі кеңес беру алаңына көпшіліктің назарын бірден аударады. Жергілікті уақытпен кешкі сағат 7-де басталған шара қас қарайғанша жүреді деп күтілуде.

Досан Жеткізген, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Жыл басында кеңес беру алаңын ұйымдастыруды жоспарға енгізген болатынбыз. Жобаның басты шарты – жастарды мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, олар ұсынатын мүмкіндіктерді түсіндіру. Жұмыспен қамту бағытындағы оң өзгерістермен хабардар ету. Діни экстермизмнен бойды аулақ ұстап, кәсіп ашу тетіктерін үйрету. Төмен мөлшермен несие алып, іс бастауына жол ашамыз. Байқауымызша, көпшілікті Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» негізінде жүзеге аса бастаған «7-20-25» бағдарламасы қызықтырып отыр. Бұл салаға қатысты сұрақтарға екінші деңгейлі банк қызметкерлері жауап беріп жатыр. Біз бұл жобаны келешек әртүрлі форматта өткіземіз. Жыл басынан бері адам көп жүретін әлеуметтік кешендер, сауда орталықтарында кеңес беруді ұйымдастырдық. Енді қала тұрғындары мен жастар жиі бас қосатын теңіз жағалауында өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта аудандар мен ауылдарға баруды жоспарлап қойдық.

Талғат Исламұлы, twitter@Talkin84:

- Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары өңірлік «Жаңа серпін» орталығымен бірлесе жұмыссыз тұрғындарға бос орындар бар мекемелер тізімін ұсынып отыр. Сондай-ақ атқарып жүрген қызметін өзгертуді ойлаған жандарға қайта даярлау курстары жөнінде толық ақпарат беріледі.

Осы категория бойынша: « Бауыржан Байбек: Алматы үлкен автотұраққа айналып кеткен Қостанайлық коммуналшылар «жасыл технологияны» игере бастайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы