368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кезеңіне өтініш қабылдау басталды

  • 295
  • UPD: 08:45, 24.08.2018

Ақтөбеде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп өткізетін шараның мақсаты - ел дамуына үлес қосып жүрген тұлғаларды таныту. Ол үшін бастамашыл топтар елді аралап, халықтың пікірін біледі. Лайық деген үміткерді кәсіпорындар мен мекемелердің ұжымдары ұсына алады. Яғни, әр салада нақты жетістікке жеткен білікті мамандардың еңбегі бағаланады. Жобаға қатысу туралы өтініш қыркүйек айының ортасына дейін қабылданады. Үміткерлердің тізімі El.kz порталына жарияланып, онлайн дауыс беру басталады.

Бақытгүл Сынабаева, облыс әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ жетекшісінің орынбасары:

- Бірінші кезеңіне Ақтөбе облысынан 200-ден астам үміткер қатысты. Соның ішінен іріктеліп өктені 5 азамат Ақтөбеге танымал. Бұл азаматтар тек жобаға қатысып ғана қоймай, кездесулер өткізіп тұрады. Әртүрлі шара, осы жеңімпаздар біздің жастармен өз жетістіктерімен бөлісіп, өз үлесімен бөлісіп, ары қарай қандай жолмен жетістікке жету жөнінде тәжірбиелерімен іркашан бөлісуде.

Осы категория бойынша: « Астана әкімі үздік мұғалімдер мен тәрбиешілерге пәтер кілттерін табыстады Биыл елімізде 4 мың 200 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы