365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-ның 15 тұрғыны «7-20-25» бойынша несие алды

  • 249
  • UPD: 18:09, 24.08.2018

Батысқазақстандықтар жыл басынан бері 9,9 миллиард теңгеге ипотекалық несие алған.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға артық. Жұртшылықтың жаппай баспаналы болуына «7-20-25» бағдарламасы да оң әсерін тигізіп отыр. Өңірде күні бүгін 58 тұрғын аталған бағдарлама бойынша пәтер алуға өтінім білдірсе, соның 36-ы мақұлданған. 15-і несие алып та үлгерген. Орал қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тұрғын үйлер бой көтеруде. Былтыр 7 көне үй бұзылса, биыл 13 апатты үй сүріліп, орнында 10 көп қабатты үй салынып жатыр. Ол пәтерлер де жаңа бағдарлама бойынша берілмек.

Мұрат Мұқаев, Орал қаласының әкімі:

- Мың жарым пәтерлік 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Соның 300-дейі апатты  үйлердің тұрғындары болса, қалғандары «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылатын болады. Бұл жұмыс жүйелі түрде әрі қарай жалғасатын болады. Қазіргі таңда оған сұраныс өте мол. Мердігер компаниялар да артып келеді.

Осы категория бойынша: « Қарағандыда «Протонның» апаты сценарийі бойынша оқу-жаттығу өткізілді Түркістан облысында мұғалімдер мен дәрігерлерге үй тұрғызылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы