365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізге онкология дертін бастапқы кезеңде анықтайтын аппарат әкелінді

  • 305
  • UPD: 18:04, 24.08.2018

Елімізде онкологиялық ауруларды асқындырмай, дерттен арылуға мүмкүндік артты. Себебі республикалық диагностикалық орталыққа қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтайтын аппарат әкелінді.

Позитронды эмиссиялық томография – адамды ядролық медицинадағы жоғарғы технологиялық диагностикалау әдісі арқылы тексереді. Осы аппарат көмегімен қатерлі дертті асқындырмай, емді ерте бастауға болады. Ол ағзадағы алмасу үрдісіндегі ауытқушылықтарды молекула деңгейінде анықтап, ісік ошағын білуге мол мүмкіндік береді. Ал кардиология саласында миокардтағы зат алмасу ауытқушылығын диагностикалауға көмектеседі. Жаңа технологияның тағы бір артықшылығы - жасалған емнің қалай әсер еткені бақыланады. Оған қоса бір уақытта компьютерлік томография мен позитронды эмиссиялық томография жасалады. Айта кету керек, мұндай аппарат елімізде 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Алайда жалғыз болғандықтан науқастар кезекті көп күткен. Енді екіншісінің әкелінуі үдерісті жылдамдатады, - дейді мамандар.

Ғалия Рысқұлова, «РДО» АҚ радиоизотоптық диагностика бөлiмiнiң меңгерушiсi:

- Бұрын бізде бір аппаратпен жұмыс істеп жатқан кезде бір ай, бір жарым ай кезек күтетін. Енді екінші аппарат қойылғаннан кейін бір жұма, бір жарым жұма солай очередь болады деп ойлаймын. Жаңа аппаратқа басқа дәрігерлер керек емес. Бізде алты дәрігер бар. Тағы да екі дәрігерді дайындап жатырмыз. Квотамен келеді бізге емге, тағы да квотадан басқа ақы төлеп өтуге болады. Оның бағасы 235 мың 700  теңге.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында мұғалімдер мен дәрігерлерге үй тұрғызылып жатыр Астанада дауларды сотқа жеткізбестен шешу туралы 16 мыңнан астам өтініш түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы