364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 14 мың адам жер телімін алады

  • 204
  • UPD: 18:17, 24.08.2018

Жер кезегінде тұрған 14 мың ақтөбелік 10 сотық жерден алатын болды.

Жергілікті билік электрондық кезек жүйесін іске қосып, базадағы деректерді жаңғыртты. Одан бөлек, биыл 611 мың гектар жер ауыл шаруашылығы мақсатында қолдану үшін берілген. Жауапты мамандар 160 мың гектар жерге тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 37 шаруа қожалығына жерді пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтарды жою туралы ескерту жасалған. Жыл басынан бері мақсатсыз пайдаланылған немесе кәдеге жаратылмай жатқан 47 мың гектар алқап мемлекет қорына қайтарылған. Одан бөлек сот шешімімен коммерциялық мақсаттағы 22 гектар жер телімі қайтып алынған.

Бектұрған Зайрымбет, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі қолданыстағы заң нормаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 2 жыл қатарынан пайдаланылмаған жағдайда, мемлекетке қайтарылады. Тексеріс барысында пайдаланылмайтыны анықталса, 1 жыл ескерту беріледі, бір жылда нысаналы мақсатта пайдаланбаса, тағы тексеру жүргізіліп, жер қайтарылады. Егер бір жыл ішінде пайдаланса, ол жер учаскесі жер пайдаланушының меншігінде қалады.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда 200 адамға тін жасушаларын ауыстыру қажет ШҚО-да омарташылық дамып келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы