374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы мектептерге 20 автобус тарту етілді

  • 193
  • UPD: 18:01, 24.08.2018
Ақмола облысындағы мектептерге 20 автобус тарту етілді

Ақмола облысында 6 мыңға жуық бала мектепке қатынап оқиды.

Яғни өз елді мекенінде білім ошағы жоқ. Нақтырақ айтсақ, қазір аймақта 141 ауылда мектеп деген атымен жоқ болса, 95 елді мекенде тек бастауыш сыныптар ғана бар. Сондықтан облыстық тамыз конференциясында 16 ауданға 20 автобус тарту етілді. Бұл көліктер облыстық бюджеттен арнайы қарастырылған 285 млн теңгеге сатып алыныпты. Бұған дейін бірқатар ауылдағы автобустар ескіріп, жолда бұзылып, балалар қыста біршама қиындық көретін. Сондай-ақ жиын барысында Жақсы ауданындағы Қима ауылдық орта мектебіне үздік білім ошағы атанғаны үшін 22 млн теңгенің сертификаты табысталды. Жалпы, биыл Ақмола облысының білім саласына 76 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп.

Ақмарал Ысқақова, Жарқайың аудандық білім бөлімінің жетекшісі:

- Бұл – жаңа оқу жылының қарсаңындағы өте маңызды оқиға, балаларға деген зор қамқорлық. Менің ойымша, бұған оқушылардан бұрын ата-аналар қатты қуанады. Себебі, балалары енді су жаңа автобуспен қатынайтын болады.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында үш ауысымды мектептердің саны азаймай тұр Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша 112 әлеуметтік жоба іске асырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы