365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары алматылық зейнеткерлермен кездесті

  • 199
  • UPD: 22:13, 24.08.2018

Зейнеткерлер мен қарттардың өмір сүру сапасын қалай жақсартуға болады?

Бүгін Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева бастаған палата депутаттары Алматыдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында болып, зейнеткерлермен кездесті. Жалпы, бұл салада арнайы жол картасы дайындалған. Бірақ ол қалай жүзеге асып жатыр?

Екі ай бұрын қала әкімдігі мен «Күміс ғасыр» қоғамдық қоры ашқан әлеуметтік орталық аз уақытта зейнеткерлердің өз үйіндей болып кетті. Бұл жерде олар замандасымен жүздесіп қана қоймай, заңгер, психолог, дәрігер мамандардан өздерін мазалаған сұрақтарына жауап ала алады.

Әсия Ақанова, «Күміс ғасыр» ҚҚ директоры:

- Зейнеткерлер біздің орталықта таңертеңгі тоғыздан кешкі 5-ке дейін бола алады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Денсаулығымен қоса ағартушылық көмектер көрсетіледі.

Қаланың ортасында ашылған орталыққа шет аудандардан автобуспен қатынайтын зейнеткерлер де бар екен. Бір күнде 75 қартты қабылдауға есептелген орталыққа қазір күніне 120-ға жуық зейнеткер келеді. Олар депутаттарға осындай орталық көптеп ашылса деген тілектерін жеткізді. «Алдыңғы буынға құрметіміз шексіз» деген Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Алматы басшылығы бірінші болып қолға алған «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы аясында Алматыда жұмысын бастаған тағы бір жаңа орталық қариялардың денсаулығын оңалтуға бағытталған.  

Әсия Ақанова, «Күміс ғасыр» ҚҚ директоры:

- Жаңадан ашылған орталық әлеуметтік-медициналық бағытта жұмыс істейді. Қазір онда екі топ жасақталған. Қант диабеті мен инсульттен кейінгі оңалту тобы. Орталыққа келіп арнайы әлеуметтік көмек алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркелуі тиіс.

Қазір Алматыда 220-мыңнан аса қарт тұрады. Жол картасы аясында зейнеткерлерге арналған шағын орталықтар барлық аудандарда ашылмақ. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон

Осы категория бойынша: « «Әзірет Сұлтан» мешітінде оқушыларға мектеп құралдары табысталды Талдықорғанда жүрек қалқаншасына жабық әдіспен операция жасалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы