374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«7-20-25» бағдарламасы: Өскеменде 431 пәтер қолданысқа дайын тұр

  • 441
  • UPD: 22:09, 24.08.2018

Шығыс Қазақстан облысы «7-20-25» бағдарламасын іске асыру бойынша аймақтар арасында үшінші орынға тұрақтап тұр.

Бұл туралы өңірге арнайы іссапармен барған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Бүгінгі күнде облыста 38 мың салымшы аталған жобамен серіктес банктерде жалпы 171 миллиард теңгеден астам қаражат жинақтапты.

Іссапар барысында Мәулен Әшімбаев өңірдегі «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылуына ерекше мән берді. Өскеменнің бұл тұрғыдағы қадамы сәтті. Шаһарда 431 пәтер қолданысқа дайын тұрса, жыл аяғына дейін тағы 800-ге жуық пәтер ұсынылады. Олардың саны да, сапасы да үнемі партия қадағалауында.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Егер де бір мәселелер болса, дұрыс жүрмей жатса, әкімдіктің алдында да, мемлекетік органдардың алдында да көтереміз. Сондықтан «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асуы біздің партиямыздың бақылауында. Өскемендегі объектілерге келетін болсақ, бұл жерде осы бағдарлама жақсы тиімді жүзеге асрылып жатқанын көріп отырмыз.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, осы айдың ортасында аталған бағдарламамен несие алуға 77 өтініш түскен. Әзірге оның тең жартысына жуығы мақұлданыпты. Десек те бұл бағдарламаның алғашқы болып игілігін көргендер де бар. Солардың бірі – Әбілдиновтер отбасы. Жас жанұя қазір жаңа баспанада тұрып жатыр.

«7-20-25» бағдарламасы қазіргі жастарға өте ыңғайлы, өте жақсы мүмкіншіліктер беріп отыр. Өйткені жылдық есептемесі аз, алғашқы сомасы азайтылған. Бұрын 30 процент болса, қазір 20 процентке төмендетілген бұл бағдарламада.

Мәулен Әшімбаев сонымен қатар өңірдегі ІТ-орталықтар мен сыныптардың жұмысын көрді. Өскемен политехникалық колледжі қабырғасындағы цифрлық сауаттылық орталығымен танысты. Партия қолдауымен қыркүйек айында облыста 277 ІТ-сынып ашылады. Азат Сарпеков бастаған семейлік білімқұмар жастар дәл осы сыныптарға сабақ беретін 500-ден астам мұғалімдерді дайындап шықты. 

Азат Сарпеков, Семей электротехникалық колледжінің директоры:

- Жұмыспен қамту орталығына 600-ден астам адам дайындадық, оның 180-і «Цифрлы Қазақстан» бағытына дайындалды. 277 ІТ-сыныптың ашылу бағдарламасын толық жазып беріп отырмыз.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасынын бірінші орынбасары кәсіпкерлермен де жүздесіп, оларды шағын және орта бизнесті қолдауға арналған партия жобаларымен кеңінен таныстырып шықты.

Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов

Осы категория бойынша: « Талдықорғанда жүрек қалқаншасына жабық әдіспен операция жасалды Қостанай облысындағы балабақша терезелеріне «ақылды» перделер орнатылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы