364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеудің жаңа тәртібін қабылдады

  • 159
  • UPD: 10:09, 25.08.2018

Бүгін Жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеудің жаңа тәртібін қабылдады.

Енді кандидаттарға қойылатын талап күшейтіліп, тапсыратын емтихандар күрделендіріледі. Сот төрағасы қызметіне үміткерлер бұдан былай сот жұмысын жетілдіру бойынша жоспар әзірлеуі тиіс. Ал іріктеумен айналысатын комиссия құрамына шетелдік сарапшылар мен HR саласының мамандары кіретін болады. Бұдан бөлек, болашақ судьялардың құжаттарын қарау мерзімі 15 күнге дейін қысқарады. Бұл өзгерістер 2019 жылдан бастап күшіне енеді.

Анвар Сабиров, ҚР Жоғары сот кеңесі аппаратының жетекшісі:

– Біз 3 конкурс өткізуді жоспарлап отырмыз. Біріншісі қаңтар-ақпан айларында, екіншісі шілде-тамызда, және үшіншісі қазан-қарашада өтуі мүмкін. Алғашқы екі байқауға қазіргі қызметі судья емес азаматтар қатыса алады. Олар аудандық соттың судьясы болу үшін сынақтан өтеді. Ал облыстық соттың судьясы, аудандық соттың төрағасы қызметтеріне қазір судья болып жұмыс істеп жүрген адамдар ғана кандидат бола алады.

Осы категория бойынша: « ҚР СІМ қызметкерінен 1,5 млн АҚШ доллары тәркіленді ҚТЖ: Биыл Астанаға өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға артық көмір жеткізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы